Астананың бір көшесіне Рудаки есімі беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда көшелерінің біріне тәжік ақыны, философ Рудаки есімі беріледі. Бұл туралы бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөздерден кейін бірлескен мәлімдеме жасау барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзара іс-қимылдың маңызды саласы мәдени-гуманитарлық байланыстар. Ынтымақтастығымызды дамытуда бізде тұрып жатқан тәжік диаспорасы айтарлықтай рөлге ие. Қазақстандағы тәжіктердің ұлттық-мәдени орталықтары бар және олар  Қазақстан халқы Ассамблеясына да кіреді. Сонымен қатар, екі ұлт арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін елорда көшелерінің біріне  тәжіктің ұлы ақыны, философ Рудакидің есімін беру туралы шешім қабылданды», - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті  бұл оқиға Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жарқын нышандардың біріне айналатындығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар