Астананың азық-түлік белдеуі бағдарламасы бойынша 9,2 млрд. теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астананың азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасы бойынша құны 9,2 миллиард теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуы жайында есеппен берген облыс әкімі Сергей Кулагин айтты.

 «Астананың азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасы бойынша құны  9,2 миллиард теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылуда. Астана облыс ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін өз өнімдерін тұтынатын ең ірі рынок болып табылады. Осы орайда, Елорда тұрғындарын қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінуде. Қазіргі күні облыс шаруашылықтары Елорданы ұнмен 100 пайыз, жұмыртқа және картоппен 52 пайыз, ет өнімдерімен 50 пайыз мөлшерінде қамтамасыз етуде», - деп атап өтті облыс басшысы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасы шеңберінде де айтулы жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.

«Бүгінде курортты аймаққа жыл ішінде бір миллионнан астам турист келіп демалады. Мұның өзі облыс экономикасын дамытуға елеулі ықпалын тигізуде», - деді Сергей Кулагин.

Соңғы жаңалықтар