Астананың автобустары төлемнің электронды жүйесіне қыркүйекке дейін толық көшіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қоғамдық автобустарды төлемнің электронды жүйесіне 100 пайызға көшіру ағымдағы жылғы тамыз айының соңына жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Elorda.info  сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғыны электронды көлік карталарына арналған валидаторлар неліктен барлық бағыттағы автобустарда орнатылмағаны туралы «Астана-ЕРЦ» ЖШС сайтына сұрақ жолдаған.

Елордалық азамат терминалдар қалған ақшаны неліктен қайтармайтынын сұраған. Оның айтуынша, ақшаны берген түбіртек бойынша қаладағы жалғыз орын - Кенесары, 69 мекен жайында қайтарып алуға болады. Олар тек жұмыс уақытында істейтіндіктен, бұл тұрғындар үшін қолайсыз. Оның үстіне, 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс қарастырылған.

«Жұмыстан сұранып, ақшаны қайтарып алу үшін 13.50-де терезенің алдына келіп тұрамыз. Бірақ алдымыздан тағы бір тосынсый күтіп тұрады. Ақшаны жұмыс істейтін 6 терезенің тек біреуі қайтарады. Ал оның түскі үзілісі 13.00-ден 14.30-ға дейін. Онымен қоса, өтініш толтырып, әлдебір шот-фактураларға қол қою қажет. Процесті неліктен оңайлатуға болмайды немесе онлайн-сервис құруға? Ең оңтайлысы, терминалдар өздері ақша қайтаратындай етіп жасау», - деп жазған ол.

«Терминалдардың жұмысына қатысты - қалған ақшаны қайтару қарастырылған, бірақ кейде тиындар таусылып қалған жағдайда, автомат out of service режіміне көшеді.

Қажетті соманы беру үшін тиындар жетіспеген жағдайда кредитті чек беру мүмкіндігі қарастырылған. Оны қазіргі уақытта Кенесары, 69 мекен жайы бойынша қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады. Касса 20 маусымнан бастап түскі үзіліссіз істейді, ал 1 шілдеден бастап оның жұмысы 19.00-ге дейін ұзартылатын болады», - деп жауап қайырылған «Астана-ЕРЦ» сайтында.

Соңғы жаңалықтар