Астананың Әлеуметтік бейімделу орталығына 30 үйсіз адам жіберілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты елордалық полицейлер Әлеуметтік бейімделу орталығымен бірлесіп белгілі бір мекенжайы жоқ адамдарға көмек көрсету шарасын күшейтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте осы санаттағы 30 азамат Астананың әлеуметтік бейімделу орталығына жіберілді. Сондай-ақ, полицейлер олардың туыстарын іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полицейлердің аязды күндердегі тағы бір міндеті - үсік шалу жағдайлары туралы және болуы мүмкін қайғылы салдар туралы ескерту. Бұдан бөлек, полицейлер нақты мекенжайы жоқ және құжаттары жоқ азаматтарды ІІД қабылдау-бөлуге жіберу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Еске салайық, Астананы 40 градустан асатын қатты аяз буып тұр. Аяз басталғалы 28 адамның үсік шалып, дәрігерлерге келгені белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар