Астананың 20 жылдығы: Түрік елінен астаналық балаларға тарту

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш Президент Мұстафа Кемал Ататүріктің бастамасымен 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі ретінде жыл сайын атап өтіледі. Осы аталған мереке және бауырлас Қазақстанның бас қаласы Астананың 20 жылдығына орай, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы балаларға тарту жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Карагөз бен Хадживат» қуыршақ театры қойылымын мектептерде 7-10 жас аралығындағы балаларға ұсынуда. Көңілді қойылым арқылы  бауырлас екі ел арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына үлес қосу көзделуде. Қойылым кезінде екі ел қалалары, астаналары туралы қызықты сұрақтар сұралып, танымдық мәліметтер де беріледі.

Түрік қуыршақ театрын елордалық оқушылар 2016 және 2017 жылы да үлкен қызығушылықпен тамашалаған болатын. 2016 жылғы  көрсетілімдер Түркия мен Қазақстанның арасындағы дипломатиялық байланыстың 25 жылдығына, ал 2017 жылғы көрсетілімдер Астана ЭКСПО 2017 Халықаралық көрмесіне арналған болатын.
null 

Астанада өткен апта басталған  түріктің қуыршақ театры  қойылымы №4, 83, 55, 70 мектептер мен балалар үйінде көрсетілді. Шара 23 сәуірге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар