Астананың 20 жылдығы: Қостанай облысы елордаға не сыйлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Астананың 20 жылдық мерейтойына қандай сый тарту ететіндерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Астананың 20 жылдығы құрметіне бірнеше облыспен бірігіп, велосипед жолдарын салып жатырмыз. Онда бюджеттік қаражат та бар, демеушілік қолдаулар да бар. Мәселен, велосипед жолдары - бюджет ақшасына жасалса, кішігірім сәулеттік мүсіндер демеушілер есебінен болмақ. Біздің басты міндетіміз құрылысты сапалы жүргізіп, уақытында пайдалануға беру", - деп жауап берді әкім журналистер сұрағына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылданған еді. Астананы ресми көшіру 1997 жылдың 10 желтоқсанында жүзеге асырылды. 1998 жылдың 6 мамырында Президент жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Соңғы жаңалықтар