Астананың 20 жылдығы: Елордада қандай шаралар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астананың 20-жылдығы аясында өтетін шараларды жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразханның айтуынша, арнайы кесте бойынша 175 республикалық және халықаралық шараны өткізу жоспарланып отыр.

«Маусым айында Этноуыл ұлттық-мәдени кешені өз жұмысын қайта бастайды. Ол жерде «Алпамыс», «Школа трапеции» сияқты театр мен цирк шоулары ұйымдастырылады. Мерейтой аясында «Астаналар шеруі» атты ауқымды халықаралық жоба қолға алынған. Оған Париж, Берлин, Лондон, Мәскеу, Сингапур, Бейжің және тағы басқа 20 елдің белгілі әртістері мен спортшылары қатысады. Жоба аясында «Астана Опера» театры Бейжің ұлттық операсымен бірлесе отырып, Дж. Пуччинидің «Турандот» операсын қояды. Ал «AstanaMusical» театры аңызға айналған «NotreDamedeParis» музыкалық шығармасын саxналайды. Оған шығарма авторлары - Рикардо Коччанте және Люком Пламондоном де атсалысады», - деп атап көрсетті А.Нұразхан.

Астананың 20-жылдығы аясында өтетін айтулы шаралардың бірі - «ShineAstana» («Жарқыраған Астана») оркестрінің премьерасы. Бұдан бөлек, «Еуразиялық би фестивалі» атты II Халықаралық балет фестивалі, «Астана» II Дүниежүзілік театр фестивалі, «Астана - Бейбітшілік дауысы» халықаралық фестивалі, «Voice of Astana» атты тұңғыш эстрадалық әндер фестивалі, «The Spirit of the Dance» халықаралық фестивалі, «NomadWay», «AstanaAzilStarsFest» және «Бауыржан Fest» әзіл-сықақ жанры, «Астана 2018 - Еуразия оқу корпусы» фестивалі, Дүниежүзілік оқу конгресі, «Астанадағы 20 әлемдік кітапхананың» деректі және сирек коллекцияларының көрмесі, Балалар жазушыларының форумы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

«Бала дауысы» атты ұлттық байқау да өтеді. Сондай-ақ, алғаш рет ашық аспан астында «Біржан-Сара» операсы саxналанады. «Қозы Қөрпеш - Баян сұлу», «Сибирский цирюльник», «Евгений Онегин» және тағы басқа балеттердің премьерасы қойылады», - дейді А.Нұразxан.

Мерейтойдың аясында сәулетшілердің Халықаралық конгресін өткізу жоспарланып отыр. Ал спорттық шаралардың ішінде Әлем Барысы, Ұлы Дала аламаны, ҚР Президентінің Кубогы үшін теннис турнирі, аралас жекпе-жек жарыстары бар.

Соңғы жаңалықтар