Астананың 20 жылдығы: Ақтөбеде МузАРТ өнер көрсетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Өнер орталығында «Елімнің жүрегі - Астана» атты мерекелік шара өтті. Жастардың мәдени тартуы кешінде МузАРТ тобы ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде өткен мерекелік шараға орта, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Жастар Астанаға арнап өлеңдер оқып, ән айтты, би биледі. Астананың 20 жылдығына арналған мәдени шараға шараға ақтөбеліктер жан-жақты дайындалған. Мұхтар Арынов атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің оқушысы Нұрбол Хасенов үш рет бас қалаға барып көргенін және болашағын Елордамен байланыстыратын мақтанышпен жеткізді.
null 

«Мен Астана қаласына үш рет барып, зәулім ғимараттарына тәнті болдым. Бұл өнердің, ғылымның ортасы болған, әлемге қазақ атын танылған қала. Сондықтан мен де болашағымды осы қаламен байланыстырғым келеді. Өзім филология факультетін таңдап отырмын. Астанаға барып оқимын»,-  деді мектеп оқушысы Нұрбол Хасенов.

Ол «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне барып келді. Жас ақын шабыт кернейтін қалаға бірнеше өлең арнаған. Бүгін ол өз замандастарының алдында ең үздігін оқып берді. Ал университет студентті ақтөбелік жастар атынан Астанаға арналған мәдени шараларды ұйымдастыруға, Елорда атын асқақтатуға үлес қосуға уәде берді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «тәуелсіз Қазақстанның жеті қазына бар. Соның бірі тәуелсіздігіміздің бойтұмары әсем қала- Астана» деген болатын. Расымен де Астана жаңа қазақстандық патриотизмді енгізді. Өйткені Астанаға келген әрбір шетел азаматы еліміз туралы үздік ойын жеткізген кезде бойыңды қуыныш сезімі кернейді. ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде ерікті болып жүргенде дәл осындай сезімді бастан өткердім. Астанаға деген мақтаныш әрбір қазақстандықтың жүрегінде жатыр. Жаңа мыңжылдықтың тұңғыш астанасын салып, Есілдің бойына жағалай ел қондырған Елбасының ергілі тарихта мәңгі қалары анық. Астанамыз жайнай берсін! Ақтөбелік жастар белсенді қатысып, Астана абыройын асқақтатуға үлес қосамыз»,- деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Алмат Бердоңғаров.

Айта кетейік, мерекелік шара кезінде МузАРТ тобы ән шырқады. Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рахмет, саған туған ел» атты ән кеші де өтеді. 
null null 

Соңғы жаңалықтар