Астананы жастар қаласы деуге бола ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының жастар саясаты басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінде қаладағы жастардың саны 220 мың адамды құрап отыр. Олардың барлығы - 14-29 жастағы азаматтар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Студенттерге келер болсақ, колледждерде оқитын жастардың саны - 26 722, ал жоғары оқу орындарында 52 748 мың адам оқиды», - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Ербол Рыспаев.

Оның сөзіне қарағанда, білім алып жүрген жастардың ішінде тек 10 989 студент қана жатақханада тұрады. Қазіргі кезде бес университет жанынан жаңа жатақханалар салынып жатыр. Онда студенттер де, оқытушылар да орналаспақ.

Айта кетейік, мамыр айындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Астанадағы халықтың жалпы саны 880 мың 191 адамды құраған. Алайда, шілденің 4-і күні қала әкімі Әсет Исекешев миллионыншы тұрғын - қыз баланың дүниеге келгенін мәлімдеп, жас отбасыға пәтер кілтін табыстаған болатын.

Артынан қаланың ішкі саясат басқармасы қала тұрғындарын есепке алудың әдістемесін түсіндіріп берді. Оған сәйкес, сол кезде елорданың емханаларында 927 260 адам тірекуде тұрған. Қоғамдық көлікпен күн сайын 850 адам жүрген еді. Ал жыл басынан бері тағы 61 мың жұмысшы тіркеуге қойылды. Осылайша, шілденің 1-і күнгі есеп-қисап бойынша Астанада 999 780 адам болған. Бүгінде аталған көрсеткіш миллионнан асып отыр. Соның төрттен бірі- жастар.

Соңғы жаңалықтар