Астананы қоршаған «жасыл белдеудің» аумағы 78 мың гектарға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананы қоршай егілген орман алқабының аумағы 78 мың гектарға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, Астананың жан-жағын жасыл аумаққа айналдыру жұмысын Елбасының өзі тапсырған болатын. Бүгінгі таңда Астананы қоршаған «жасыл белдеудің» аумағы 78 мың гектарға жетті», - дейді ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елорданың маңы жасыл аумаққа айналып бара жатқанымен, кейбір облыстарда орман алқаптары кеңейер емес.

«Кейбір облыстарда ағаш отырғызу арқылы орман алқаптарын кеңейту жұмыстары кенжелеп қалды. Облыс әкімдіктері мұны орман шаруашылығы қорының жоқтығымен байланыстырады. Алайда «Қазақ орман шаруашылығы» кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, республиканың орман шаруашылығы қоры 2,5 млн гектарға жеткен. Ал әкімдіктер бұл көрсеткішті бар-жоғы 825 мың гектар дегенді алға тартады», - дейді Қайрат Үстеміров.

Жиын барысында комитет өкілі орман алқаптарын кеңейту бағытында жеке шаруашылықтарға да қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар