Астананы қардан тазартуға мыңнан астам техника жұмылдырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен тәулік ішінде 42 мың текше метр қар қала сыртына шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қаланы қардан тазалауға 1 076 техника мен 2 212 жол тазалаушысы айналысуда. Өткен тәулік ішінде ғана қала сыртына 42 мың текше метр қар шығарылды. Тазалау жұмыстары қолайсыздық тудырмас үшін негізгі жұмыстар түнгі уақытта жүргізілуде.

«Бригада өз жұмысын кептеліс тарқаған кезде, кешкі сағат 8-де бастайды. Әрине, күндіз де жұмыс істейміз, бірақ тұрғындарға кедергі келтірмеуге тырысамыз», - деді «Астана-Тазалық» ЖШС директоры Боранбай Болатбеков.

Сондай-ақ жолда көктайғақтың алдын алу үшін құм мен тұз араласқан қоспа пен көктайғаққа қарсы реагент пайдаланылуда. Көшелерге 536 текше метр құм-тұз қоспасы мен көктайғаққа қарсы 6 тоннаға жуық реагент шашылды.

 

Соңғы жаңалықтар