Астананы қар басып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананы қар басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада 18 сәуір күні түнге қарай жауған жауынның соңы қарға ұласты. Қала көшелерін ақ ұлпа қар басып қалды.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қазгидромет сәуір айының салқын әрі жауынды болатындығын болжаған болатын. 

Синоптиктер сәуір айында ауа райы алдамшы болатындығын айтады.

«Үшінші онкүндіктің басында және соңына қарай күн райы қайтадан суыта түседі. Еліміздің солтүстік аймақтарында жауын-шашынды болады. Түнде ауаның температурасы 0-ден төмен, күндіз 5-15 жылылықты көрсетеді. Ал оңтүстік өңірлерде өткінші жауын жауып, найзағай күркірейді. Ауаның түнгі температурасы 5-10 градус жылы, күндіз 15-20 дейін көтеріледі», - деген еді «Қазгидромет» РМК-ның Ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева.



Айта кетейік, жақында ғана "ҚазАқпарат" агенттігінің ресми сауалына "Қазгидромет" РМК жауап беріп, биылғы көктем мен жаздағы ауа райына қатысты болжамдарды жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар