Астананы дамытуға қосымша қаржы бөлінеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Астана мен Алматы қалаларын дамытуға қосымша қаражат бөлінеді. Бұл туралы Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы» ҚР заңының жобасын таныстырған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нақтыланған жобада Астана және Алматы қалаларын одан әрі дамытуға қосымша қаражат бөлу көзделеді», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, ЭКСПО көрмесін өткізгеннен кейін Ұлттық қордан нысаналы трансферттерден бас тарту мен кепілдендірілген трансфертті азайтуды ескере отырып, Астана жәна Алматы қалаларына берілетін трансферттер азайтылған.

«Астана қаласын дамыту және елордамыздың 20 жылдығын жоғары деңгейде қарсы алу туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ бюджет түсімдерінің болжамды ұлғаюын ескере отырып, аталған мақсаттарға қосымша 36,3 млрд теңге бағыттау ұсынылады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар