Астаналықтарға велосипедтер сыйға тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған велошеру өтті. Оған 1500 адам қатысты. Олардың ішінде «Балдырған» теуіп жүрген ең жас велошабандоз да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Велошеруге қатысқандар «Астана-Арена» стадионынан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойымен өтіп, Қорғалжын тас жолы мен Тұран даңғылымен қайтып айналып келді. Олар жалпы ұзындығы 10,5 шақырымды жүріп өтті. Мәреде ең жас және ең үлкен қатысушыға арнайы сыйлықтар табысталды. «Ең жас қатысушы» атағына бір жарым жасар Медина Рамазан ие болса, ең үлкені - Тагир Әлпенов. Оның жасы - 67-де. Оларға бас жүлде - велосипедтер табысталды. Сондай-ақ барлық велошабандоздар арасында лотерея ойнатылды.

«Велоспортпен айналысып жүргеніме біраз уақыт болды. Бұған дейін талай жарыстарға да қатыстым. Осы жолы немеремді де алып келдім. Себебі салауатты өмір салтына бала кезінен бастап үйрету керек», - дейді жасы ең үлкен велошабандоз Тагир Әлпенов.

Ал ең жас велошабандоз Медина Рамазанның анасы - Гүлжанның айтуынша, Медина кішкентай болса да өз «Балдырғанын» тастамай жүреді. «Осыны білетін достарымыз велошеру жайында айып, Мединаны да алып келуге кеңес берген. Біз қуана-қуана келістік», - дейді Гүлжан Рамазан.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар