Астаналықтарға ескерту: Есіл өзенінің үстімен жүру қауіпті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Есіл ауданы әкімдігі су қоймасынан судың жіберіле бастағанын ескертіп, өзен бетіндегі мұзға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім етілгендей, Есіл өзенінің арнасын шаю және дайындау мақсатында қазіргі уақытта Астана су қоймасынан өзеннің қаладағы сағасына дейін су жіберілуде. Оның мөлшері біртіндеп арттырылуда (қаңтарда - секундына 2,8 текше метр, ақпанда - секундына 12 текше метр, наурызда - секундына 15,6 текше метр).

«Жіберіліп жатқан судың бір бөлігі құлақтар арқылы шығып кетсе, қалған бөлігі Жібек жолы кенті аумағындағы контрреттегішке құйылып, өзен алқабын толтырады. Өзен бетіндегі мұз қабатының жұқаруына байланысты, тұрғындарға мұздың үстіне шығудың қауіпті екенін ескертеміз», - делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар