Астаналықтар су қоршауында қалған Ақмола облысының ауылына көмек көрсетуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналықтар су қоршауында қалған Астрахан ауданы Ескі Колутон ауылына гуманитарлық көмек көрсетуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еріктілердің деректеріне сәйкес қазір 52 үй зардап шекті.  Бүгін таңертең су басқан ауылға еріктілер келді.

«Біз олардың әкімдігімен, атап айтқанда, әкімнің орынбасарымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. ТЖК азық-түлік, киім-кешек түрінде көмекті жеткізу үшін екі моторлы қайық берді», - деді ҚазАқпаратқа Астана тұрғыны Айнұр Сүлейменова.



 

Сондай-ақ Астрахан облысына «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалынан, ҚХА этно-мәдени орталығынан, Дүниежүзілік бокс кеңесі ұйымынан, жеке кәсіпкерлерден 2 млн теңгеге гуманитарлық көмекпен КамАЗ, газель, жеңіл көлік кетті.

 

Бұл Ақмола облысында қиын жағдайда қалған алғашқы елді мекен емес, Атбасар, Целиноград, Сандықтау аудандарын да су басты.

«Астаналықтар қайырымдылық жасауға жұмылып кірісуде. Өткен аптада Атбасарға бардық, 125 отбасыға көмек көрсеттік. Тұрғындар алғашқы қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Ол жерге өзіміз бардық, арамызда Атбасар тумасы бар. Содан зардап шеккен отбасылар бар екенін білдік. Қазір жағдай біршама тұрақталды», - деді Сүлейменова.

ТЖК деректеріне сәйкес Атбасар қаласында 450-дан астам үйді су басты. 1300-ден астам адам эвакуацияланды. 350-ден астам мал қауіпсіз жерге апарылды.

nullnull

Соңғы жаңалықтар