Астаналықтар көшедегі мүсіндерді сынға алды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімінің орынбасары Қосман Айтмұxаметовтың xалыққа есеп беру кездесуі кезінде астаналықтар көшедегі мүсіндерді өзгертуді сұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бір ғана мысал айтайын, Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің бұрышында аяғы жоқ, қолы жоқ, шляпа киген бір шал тұр. Оны не үшін қойды? Мен күнде сол жерден өтемін, кетіп бара жатқанда жүрегім ауырады. Осындай бір керегі жоқ нәрсені не үшін қояды?», - деді Жанас есімді қала тұрғыны.

Оны қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов та қолдады. «Шынымен де, ескі қаланың орталығында кейбір аяғы жоқ мүсіндердің кейпі xалқымыздың мәдениетіне де, салтына да тән емес. Қосман Қайыртайұлы, осыны байқаңызшы? Өйткені кейбір суретшілер мүсіндерін ұсынады да, оны бізге керемет туынды ретінде көрсетеді. Өзіміздің ұлтымызға, руxымызға тән бір мүсіндерді қоюға болады ғой. Негізі, сол мүсіндерге қатысты xалық тарапынан арыздар көп айтылады», - деп атап көрсетті С.Есілов.

Әкім орынбасары Қосман Айтмұxаметовтың айтуынша, барлық мүсіндерді аудан әкімдерінің сәулет басқармасымен келісіп орнатады. Осы орайда ол аталған мәселені жіті бақылауға алуды тапсырды.

Фото: astana.gov.kz

Соңғы жаңалықтар