Астаналықтар екі күн бойы Көкше өңірінің өнері мен мәдениетіне сусындайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазанның 29-30 күндері елордада Ақмола облысы күндері аясында бірқатар мәдени шаралар өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«29 тамызда «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің жәрсеңкесі басталады. Сағат 10.00-де дәл осы жерде театрландырылған қойылым көрсетіледі. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары үшін облыстық филармонияның «Көкшетау» мәдениет үйінің және облыстың үздік шығармашалық ұжымдарының концерттік бағдарламасы болады. Жәрмеңке аясында келушілер ыстық бауырсақтан, айран мен қымыздан дәм татады», - деді ол.

Оның айтуынша, өңір шараларын жастарға арналған мәдени бағдарламалар жалғастырады. Сағат 13.00-де басталатын шара барысында Ақмола облысының көңілділер мен тапқырлар клубы  және «Жайдарман» командалары, жас әншілер, бишілер өнер көрсетеді. Бұған қоса, спорттық шаралар да ұйымдастырылады.

«Осы күні сағат 16.-00-де Бейбітшілік және келісім сарайында ақмолалық ақын, драматург әрі жазушы Құдайберлі Мырзабектің «Жанымның мәңгі көктемі» атты шығармашылық кеші өтеді. Сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Ақмола облыстық орыс драма театры М.Шахановтың «Шыңғыс хан» спектаклін саханалайды»,- деді Нұркенов.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, 30 қазан күні де «Хан Шатыр» жанындағы алаңдағы мерекелік шаралар өз жалғасатын табады. Мұнан бөлек, жексенбі күні Бейбітішілік және келісім сарайында Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктеріне арналған көрме өтеді. Сонымен қатар аталған сарайда сағат 16.00-де Ақмола облыстық филармониясының «Жер жұмағы  - Көкшетау, Ел тұмары - Астана» деп аталатын концерті болады. Ал М.Горький атындағы орыс академиялық орыс театрында Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры Т.Ахтановтың «Шәкәрім» қойылымын қояды.

Соңғы жаңалықтар