Астаналық журналистер шағын футболдан сынға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталмыш шараны қала әкімдігі ұйыдастырды. Бүгін К. Мұңайтпасов атындағы алаңда шағын футбол бойынша өткен ойынға 13 команда мен бұқаралық ақпарат құралдарының 130 өкілі қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

«Шағын футболдан турнир бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында кәсіби қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насиxаттау футбол секілді спорт түріне өскелең ұрпақты баулу мақсатында өткізіледі, - деді Астана қаласының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қамбаров. 

Өткізілген турнирдің бас төрешісі Даулет Хамзиннің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жарыста мықты команда құрып, өздерінің жақсы дайындығы мен қызықты ойынын көрсетті. 

«Жыл сайынғы турнир биыл 13 команда арасында өтті, жеребе салу бойынша 4 топқа бөлінді. Командалар алдымен топтық кезеңде ойнап, кейін плей-офф деңгейіне көшті. Ойын барысында БАҚ өкілдері арасынан "Хабар" телеарнасының командасы жақсы нәтиже көрсетіп, алға шықты. Сондай-ақ "Қазақ радиосының" командасы қызықты тартыста турнирдің жеңімпазы атанды. Ала допты соғуда шеберлік танытқан "Елорда Ақпарат" командасы да ерекшелене білді»,-дейді Д. Хамзин. 

Турнирдің қорытындысы бойынша 3-ші орынды "Хабар" телеарнасы, 2-ші орынды "Қазақ радиосы" алса, 1-ші жүлделі орынға Республикалық " Егемен Қазақстан" газеті ие болды. Оған қоса әртүрлі аталымдар бойынша бұл командалар жоғары нәтиже көрсетті.

 Мәселен, команданың ең үздік қақпа қорғаушысы астаналық "Елорда Ақпарат" командасының  қызметкері Қуандық Әлімжанов, "ҚазСпорт" арнасының намысын қорғаған Ермек Төрениязов ең үздік қорғаушы атанды. Сондай-ақ "Жеңіс" командасының ойыншысы Марғұлан Ибраев шағын футбол бойынша ең үздік ойыншы атанды. 

null

Соңғы жаңалықтар