Астаналық журналистер әскери дайындықтан өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Щучье қаласындағы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында ҚР Қорғаныс министрлігі астаналық журналистер мен блогерлерге арналған баспасөз турын өткізді. Әскери өмірдің қызық та күрделі тіршілігімен танысқан БАҚ өкілдері арасында «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі де бар.

null null 

Үш топқа бөлінген журналистер мен блогерлер арасында әскерилендірілген ойын түріндегі жарыс өтті. Жарыс бағдарламасында физикалық қабілеттермен қатар, аңғарымпаздық пен тапқырлықты және зеректікті қажет ететін логикалық тапсырмалар болды.

null null 

Баспасөз турының негізгі мақсаты - белсенді және салауатты өмір салты мен әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау еді. Шараға қатысқан тілшілер арасында алғаш рет атқа мініп, алғаш рет шаңғы теуіп көргендер бар.

null null  

Одан бөлек, тілшілер пейнтбол мен пневматикалық винтовкадан оқ атуда өз шеберліктерін танытып, жоғары нәтиже көрсетті. Қарсыласты жеңу үшін журналистер арнайы стратегия құрып, ым-ишарамен жұмыс істеуді үйренді.

null null 

Сайыс барысында компаспен жол табуда, кедергілерден өтуде команданың бір-біріне өзара көмектесуі қосымша ұпай беретін. Бұл журналистер арасындағы өзара құрмет пен достықты, ұйымшылдықты нығайта түсті.  

null null 

Ойын соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Олардың жүзінен Отан қорғаушыларға деген құрметтің еселеп артқанын аңғару қиын емес еді.

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар