Астаналық үлескерлер сот арқылы 150 млн. теңге мен құрылысы аяқталмаған нысанды қайтарып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Скай сити» тұрғын үй құрылыс кооперативі  сот арқылы «Grant Elite-NS» ЖШС және «Комфортный дом» ЖШС-лерінен 149,9 млн. теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылдың 15 ақпанындағы шешімі бойынша Астана қаласының прокурорының талап арызына сәйкес «Скай сити» тұрғын үй құрылыс кооперативіне (әрі қарай - ТҮҚК) жауапкерлер «Grant Elite-NS» ЖШС және «Комфортный дом» ЖШС-лерінен 149,9 млн. теңге өндірілді, сонымен қатар жер телімі және аяқталмаған құрылыс объектісі қайтарылды.

Соттың шешімі дереу орындалуға жолданылды.

Қазіргі уақытта ТҮҚК аталған объектінің әділет органдарында тіркеу процедурасын бастады.

Аталған процедуралар аяқталғаннан кейін ТҮҚК-де өз бетімен, соның ішінде инвесторларды тарту жолымен, аяқталмаған объект құрылысын бастау құқығын алады.

 

Соңғы жаңалықтар