Астаналық студенттер көне Отырар тарихымен танысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Астаналық студенттер Оңтүстік Қазақстан облысының киелі жерлеріне сапарлап, көне Отырардың тарихымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің белсенді жастары саяхатты Түркістан қаласынан бастады.  ЖОО-дағы білім алушылар арасында еліміздің көрікті жерлерін, тарихи мұрасын дәріптеу, оларға патриоттық тәрбиесін нығайту мақсатында ұйымдастырылған саяхатта белсенді жастар Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасады. «Отырар төбеде» орналасқан ашық аспан астындағы мұражайды тамашалады. «Руханият-Әбу-Нәсір әл-Фараби» музейіне бас сұғып, Отырар ауданының тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысты. Университет түлегі, айтыскер ақын Нұрқанат Берікұлы аудан басшылығына тарихи орындарды көруге қолғабыс еткені үшін жыр шашуымен алғыс білдірді. Одан соң естелікке суретке түскен студенттер Шымкент  қаласына жол тартып, саяхаттарын жалғастырды.  Белсенді жастардың айтуынша, алдағы уақытта Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері еліміздің барлық өңірлерін аралап, тарихи жерлерін тамашалайтын болады. Әрі  эстафетаны басқа да жоғары оқу орындарына  тапсырмақ.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар