Астаналық кәсіпкерлерді тартып, сапалы өнім өндіруді жолға қойғымыз келеді - БҚО әкімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыру және өңіраралық әріптестікті дамыту мақсатында Астана қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әкімдері Әсет Исекешев пен Алтай Көлгінов кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Басқосуға сондай-ақ Батыс Қазақстандағы ірі мұнай-газ операторы - «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясының басшылығы мен Астана қаласындағы бірқатар кәсіпорын жетекшілері қатысты.

null 

Қатысушылар «Индустрия 4.0» қағидаттарын қолдана отырып, индустриалды-инновациялық даму мен цифрландыру элементтері және «Смарт сити» концепциясы аясындағы әріптестіктің болашағы туралы талқылады. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті отандық өнім өндіруді дамыту үшін жағдай туғызу, қызмет көрсету сапасын арттыру туралы да айтылды.

null  

Кездесу соңында Астана қаласы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында «Индустрия 4.0», цифрландыру және «Смарт сити» концепциясы аясында жəне Астана қаласы əкімдігі мен «ҚПО Б.В.» компаниясы арасында бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыру және өнім түрін кеңейту мақсатында Астана қаласының шағын және орта бизнес базасында жаңа өндірістерді құру туралы меморандумға қол қойылды.

null 

Өз сөзінде облыс әкімі Алтай Көлгінов Астана қаласының үлгісінде Орал қаласында «Смарт сити» концепциясының жүзеге асырылуда екенін айта келіп:

- Біздің басты мақсатымыз - Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыру. Астана қаласында «Смарт сити» жобасының өте жоғары деңгейде іске асырылып жатқанын көрдік. Бірнеше кәсіпорындарды араладық. Соның ішінде Астана қаласында жол жүру ережелерін сақтауда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралар көп. Осы тәжірибе біздер үшін де нәтижелі болады деп ойлаймын. Сондай-ақ «Индустрия 4.0» бағытына тоқталсақ, Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ компаниясы - еліміздегі ең ірі инвесторлардың бірі. Былтыр бұл компаниямен бірге Қазақстанның жеті өңірін араласақ, биыл Астанадан бастап отырмыз. Мақсат - Елбасының сапалы отандық өнім шығару және жергілікті қамтуды жүзеге асыру туралы тапсырмасын орындау. Мысалы, былтырғы жылы жергілікті қамту бойынша Қарашығанақ компаниясы 130 млрд теңге инвестиция құйды. Биыл да сол жұмыстар жалғасын таппақ. Астана қаласының кәсіпкерлерін тартып, сапалы отандық өнім өндіруді жолға қойғымыз келеді. Бірнеше келісім-шарт жасастық, - деді.

Соңғы жаңалықтар