Астанаға дүниежүзіне белгілі опера әншісі Пласидо Доминго келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға дүниежүзіне белгілі опера әншісі Пласидо Доминго келді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Келесі аптаны маэстро елордалық театрда өткізеді. Ол «Опералия» байқауы аясында әлемге жаңа  опера жұлдызын таныстырады», - деп хабарлады «Астана Опера» театрынан.

Еске салсақ, әлемдегі ең беделді «Опералия Пласидо Доминго» опера байқауы «Астана Операда» 24-29 шілде аралығында ҚР Мәдениет және спорт минстрлігінің қолдауымен ЭКСПО-2017 бағдарламасының аясында өтеді. «Опералияның» жиырма бесінші маусымына қатысатын әлемнің 17 елінің дарынды 40 жас  вокалистерінің қатарына «Астана Опера» әншісі көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудрякты қосқанда, 4 қазақстандық әнші кіреді. Құрметті қонақ - КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

Жұртшылық байқаудың барлық кезеңдерін тамашалай алады. 24, 25 және 26 шілдеде өтетін ширек финал және жартылай финал турлары тыңдау нысанында өтеді. Қатысушылар «Опералия» концертмейстерінің аккопанементімен әлемдік опера классикасынан олар таңдаған арияны орындайды.  29 шілдеде финал кезінде жеңіске он үміткер маэстро Домингоның басқаруымен «Астана Опера» симфониялық оркестірінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Еске салсақ, «Опералияға» 18-32 жас аралығындағы кез келген  дауысты  (бастан сопраноға дейін) әншілер қатыса алады. Жалпы жүлде қоры 180 000 АҚШ доллары. Ерлер мен әйелдер дауыстары арасында 1,2 және 3 сыйлық лауреаттарын марапаттаудан басқа, жүлденің ішінде Р. Вагнер, Р. Штраус операсынан репертуарларды үздік орындағаны үшін Б. Нильсон атындағы сыйлық, сарсуэлді (опереттеге жақын испан музыкалық-сценалық жанр)  үздік орындағаны үшін Пепита Эмбил де Доминго мен аға  Пласидо Доминго  сыйлығы бар. 

Соңғы жаңалықтар