Астанаға 20 жыл: Айтулы мерейтойға байланысты қандай ірі спорттық шаралар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астананың 20 жылдығына орай мәдени, бұқаралық және спорттық шаралар ұйымдастырылғалы жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева келтірген төмендегі кестеге сүйенсек, Астананың 20 жылдығы спортшылар үшін есте қаларлық жыл болғалы тұр. Шаңғы мен биатлоннан сайыс, ұлттық спорт түрлерін ұлықтаған «Ұлы дала рухы», «Көшпенділер шайқасы», «Денис Тен мен оның достары» талай-талай залдарды толтыруға тұрарлық спорттық оқиғаға айналары даусыз.

Сайыстардың ішінде шетел спортшылары қатысатын дода - «Әлем барысы» болайын деп тұр. Онда 61 мемлекеттің балуандары өзара бақ сынаспақ.

 

Р/с

Спорттық шараның атауы

Қашан өтеді?

Өтетін орыны

Қанша елден қанша спортшы қатысады?

1.      

Fiss ұранымен шаңғы жарысынан өтетін халықаралық сайыс

19-27 наурыз

Щучинск қаласындағы шаңғы-биатлонды кешен

5-7 мемлекет,                120 қатысушы

2.      

IBU ұранымен биатлоннан өтетін Азияның ашық чемпионаты

25 наурыз-         2 сәуір

Щучинск қаласындағы шаңғы-биатлонды кешен

5-7 мемлекет,                120 қатысушы

3.      

 «Ұлы дала рухы» ұлттық спорт түрлері бойынша фестиваль

наурыз-шілде,    5 шілдеде финал

 «Қазанат» ипподромы

-

4.      

ММА жекпе-жек түрлері бойынша «Көшпенділер шайқасы - 10» халықаралық мерекелік турнир

8-12 мамыр

Жекпе-жек сарайы

12 мемлекет,                100 қатысушы

5.      

Көркем гимнастика бойынша «3 Жұлдыз Кубогы» FIG Халықаралық турнирі

10-12 шілде

«Сарыарқа»

республикалық велотрегі

5-7 мемлекет,                250 қатысушы

6.      

«Денис Тен мен оның достары» мұздағы шоуы

23-24 шілде

 «Алау» мұз айдыны

Шамамен 15 мемлекет

7.      

«Қазақстан барысы» республикалық турнирі

1 шілде

«Сарыарқа»

республикалық велотрегі

34 қатысушы

8.      

Теннистен Президент Кубогы

16-22 шілде

«Дәулет» спорт кешені

20 мемлекет

9.      

«Ұлы дала аламаны» бәйгесі (150 шақырым)

Тамыз

Ерейментаудан Астанаға дейін

-

10.        

«Астана» Халықаралық марафоны

16 қыркүйек

Астана, Сол жағалау

2000-ға жуық қатысушы

11.        

Қазақ күресінен «Әлем барысы» халықаралық турнирі

1 желтоқсан

«Барыс-Арена» мұз айдыны

61 мемлекет,                           64 қатысушы

 

 

Соңғы жаңалықтар