Астанадан шығатын барлық жолдар ашық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан шығатын барлық жолдар ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT-ға сілтеме жасап.

«Астанадан шығатын барлық жолдар ашық. Автобус маршруттарын жолға дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, қала маңына қатынайтын 35, 36, 80, 103, 302, 303, 304, 306, 307 бағыттарындағы автобустар штаттық режимде жұмыс жасап жатыр», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше кешке елордадан барлық бағытқа шығатын жолдар көліктің кез келген түрі үшін жабылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар