Астанадағы жазғы кинотеатр «Қазақ елінің» 10 бөлімін көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаздық кинотеатрда отандық «Қазақ елі» фильмінің көрсетілімі жалғасып жатыр. Демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтары тарихи кино эпопеяның 5 және 6-бөлімдерні тамашалады.

Астанадағы аспан асты аясындағы алғашқы кинотеатр көрермендерінің назарына аталған фильмнің барлық 10 бөлімі ұсынылады. Бұл жайлы Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігі Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Айта кетейік, жаздық кинотеатр М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының алдындағы Арбатта орналасқан. Фильмдерді тегін көру үшін қазақ халқының салт-дәстүріне сай ұлттық нақышпен безендірілген орындықтар қойылып, жұмсақ көрпелер төселген. 

Соңғы жаңалықтар