Астанадағы жәрмеңкеде Ақмола облысы 334 тонна өнім ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - 25-26 қараша күндері  елордадағы «Хан Шатыр» СО алдында Ақмола облысының шаруаларының қатысуымен тауар шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Бұл туралы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы хабарлады. Жәрмеңке сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін  2 күн бойы жалғасады. Ақмола облысын үздік 70 тауар өндіруші ұсынады. Ақмола облысының Агроөнеркәсіптік кешенімен жалпы сома 146,2 млн. теңгеге 334 тонна өнімді өндіру жоспарланып отыр.Оның ішінде:

Ет және шұжық өнімдері - 68,5 тонна

балық - 6,6 тонна

жұмыртқа - 361,7 мың дана

сүт және сүт өнімдері - 33,0 тонна

ұн -27 тонна

картоп - 22,5 тонна

көкөністер - 27,7  тонна

өсімдік майы -15,5 мың литр

Өнімдердің 35-тен астам түрі нарықтағы бағадан 10-20 %-ға  төмен сатылады.

Соңғы жаңалықтар