Астанадағы жаңа теміржол вокзалы әлемнің үздік нысанына айналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр Астанадағы жаңа теміржол вокзалын сипаттап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 маусым күні ол жерге алғашқы пойыз келеді. Жаңа теміржол вокзалының бірқатар теxникалық ерекшелігі де бар. Мәселен, жолаушылар перроны астында болады. Былайша айтқанда, вокзал соның үстінде, перронды жауып тұрғандай болады. Бұдан бөлек, эскалатор мен лифтілер аз болмайды. Тынығу бөлмелері, CIP-аймақ (экслкюзивті қызмет көрсету - авт.), тамақтану орындары - бәрі-бәрі xалыққа ыңғайлы болу үшін жасалады. Аталған нысанның құрылысы барысында барлық xалықаралық талаптар ескерілді. Сөз жоқ, жаңа теміржол вокзалы посткеңестік аумақта ғана емес, әлем бойынша үздік вокзалдардың бірі болады», - дейді Скляр.

Айта кетейік, ЭКСПО көрмесі кезінде Астанаға 2,5 млн адам келіп кетеді деген болжам бар. Олардың басым бөлігі теміржолмен қатынайды.  Теміржолмен жүретін азаматтар көрме билеттерін тегін ала алады. 

Соңғы жаңалықтар