Астанадағы Жамбыл облысының жәрмеңкесіне 300 тонна өнім жеткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-25 қыркүйек күндері Астанада өтетін жәрмеңкеге Жамбылдан арнайы керуен аттанды. 15-тен астам жүк көлігімен Елордаға 300 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері жеткізіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жамбылдық тауар өндірушілердің қатысуымен өтетін жәрмеңкеге 30-дан астам өнім түрлері қойылады. Жалпы құны - 237,5 млн теңге. Оның ішінде 10 тонна жылқы, 1,4 тонна тауық еті, 5 тонна шұжық , 10 тонна сүт өнімдері , 11 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна кондитерлік және 6 тонна макарон өнімдері, бар. Сондай-ақ астаналықтарға 10 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 5 тонна балық, 2,2 тонна бал, 4,2 тонна қымыз бен шұбат және 245,3 тонна жеміс-жидек пен көкөністер ұсынылады.

Сапалы, дәмді, табиғи таза базар бағасынан құны төмен тауарларды елорда тұрғындары алдағы екі күнде ескі орталық алаңнан сатып алуға мүмкіндіктері бар.
Естеріңізге сала кетейік аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласындағы «Тарихы терең Тараздан тағзым» атты Жамбыл облысының күндері аясында ұйымдастырылып жатыр.

15 сельхозпрод 15 сельхозпрод 15 сельхозпрод 15 сельхозпрод 15 сельхозпрод 15 сельхозпрод 15 сельхозпрод  

Соңғы жаңалықтар