Астанадағы Ұлттық кітапханаға жастар мыңдап келе бастады - Үмітхан Мұңалбаева

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада демалыс күндері мыңдаған жастар келіп білімін шыңдайды. Бұл туралы елордада тұңғыш рет өткен әдеби-сазды кеш барысында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мен бір кездері Оңстүстік Кореяның кітапханаларын аралап, біздің де кітапханаға жастарды көптеп келсе деп армандайтынмын. Енді міне, демалыс күндері таң атпай мыңдаған жастардың кітапханамызға ағылып жатқанын көріп, қуанып жүрмін. Біздің кітапханаға демалыс күндері көптеген жастар жиналады. Сенбесеңіздер, келіп көрсеңіздер болады», - дейді кітапхана директоры.

Елімізде бірінші рет өткен әдеби-сазды кеш туралы айта келе Үмітхан Мұңалбаева шараға дайындықтың қызу жүргенін атап өтті.

«Біз жұмыстан кейін арнайы жиналып, дайындық жұмыстарын жүргіздік. Сондықтан, осынау лирикалық кешті ұйымдастырып отырмыз. Әлеуметтік желі арқылы барлық Астана тұрғындары мен меймандары шақырылды. Менің ойымша, біздің мәдениет қызметкерлері бір сәтке тынығып, кеште көңіл көтеруге лайықты», - дейді ол.

Сонымен қатар, Ұлттық академиялық кітапхана директоры кешті өткізу бастамасы қалай туындағаны туралы ойымен бөлісті.

«Біздің идеямыз қашан да көп. Мен кезінде «Атамекен» кешенінің директоры болып жүрген кезімде біз бір кезде ашық аспан астында концерт өткізгенбіз. Біз ол кешке Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ақын-жазушыларды шақырған едік. Осы кешке қатысты, айтарым біздің достарымыз көңіл күйін көтеріп қайтар деген сенімдеміз», - дейді Үмітхан Мұңалбаева.

Айта кетсек, бүгін Астанадағы «Қазақстан» концерт залында ел тарихындағы тұңғыш әдеби-сазды бал өткізілген болатын. Елорда тұрғындары үшін ұмытылмас кешті ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұжымы ұйымдастырып отыр. Айтулы шараның «әдеби -сазды» деп аталуы да тегін емес. «Қазақстан» концерт залының зәулім әрі кең фойесіне кітапхана ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндес оқулықтардың көрмесін өткізді.

Соңғы жаңалықтар