Астанадағы түтінмен күрес: ЖЭО-2 кәсіпорнын цифрландыру ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - G-Global «жасыл экономика» мен даму коалициясы» Астана әкімдігіне «ЖЭО-2» кәсіпорнын цифрландыруды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Күні кеше өнеркәсіптік жобаларды цифрландыру бойынша жобалар таныстырылды. Президент өз сөзінде цифрландыруға болатын өнеркәсіп саласындағы пилоттық жобалардың қажеттілігін атап өтті. Біз Астана әкімдігіне ЖЭО-2 кәсіпорнын цифрландыруды ұсынып отырмыз. Қазіргі таңда қолымызда ЖЭО-2 құрамының инженерлері мен біздің басшылықтың жіті бақылауынан өткен ресейлік серіктестердің ұсынысы бар. Егер өзара тиімді келісімге келіп, серіктестікке қол жеткізіп жатсақ, жуық арада цифрландырылған өнеркәсіптік нысан пайда болып қалуы мүмкін», - дейді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Нақты қай компанияның ұсыныс білдіріп отырған Салтанат Рахымбекова айтқан жоқ. Алайда оң шешім шығып жатса, толығырақ ақпарат беруге уәде берді.

«Бұл қазақстандық-ресейлік бірлескен компания. Бүгін бізде жұмыс бабымен кездесу өтетіндіктен, оның қай компания екенін айтпай-ақ қояйын. Астана қаласының әкімдігінде келесі аптаның сейсенбісінде жиын өтеді», - дейді ол.

Салтанат Рахымбекова сонымен бірге Қауымдастық, Астана әкімдігінің қоғамдың кеңесі мен Астана шаһарының әкімі арасында келісімге қол қойылғанын айтып өтті.

«Бұл өте ізгі диалог алаңы. Біз бүгінгі күні талқыланып жатқан тұман мәселесін шешудің де жолдарын қарастырамыз. ЖЭО-ны цифрландыру зиянды қалдықтарды айтарлықтай азайтады», - дейді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар