Астанадағы түтін неше күн сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары қала көшелерін басқан қою түтінге шағымдарын айтуда. Желсіз тымық ауа-райына байланысты Астана аспанын көк түтін торлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, көмірмен жылытылатын жер үйлердің, сондай-ақ ЖЭС түтіні шаһарды өз құрсауына алды.

«Қазгидромет» РМК кезекшілік тобының мәліметіне қарағанда, соңғы күндері желсіз тымық болғандықтан қаланы түтін басты.

«Жел болмағаннан кейін қаладағы жылу электр стансасының, жекеменшік сектор үйлерде жағылған көмірдің түтіні ешқайда кетпей, қаланың аспанын торлап тұр. Тымық ауа-райы бірнеше күннен бері сақталуда. Сонымен қатар ертең, арғы күні де жел жоқ. Күндізгі температура -10 мен -13-тің аралығында болады. Желдің екпіні күшейсе, осындай қою түтін болмайды»,- дейді «Қазгидрометтің» кезекшілік тобы.

null 

Бұдан бұрын хабарланғандай, желтоқсан айының басында елорда әкімі Әсет Исекешев Астанадағы түтін мәселесін қалай шешуге болатынын айтқан еді. 

«Экология басқармасының мәліметінше, ластанудың 50 пайызы көліктерден және олардың тым көптігінен, жанармай сапасының нашарлығынан болады. Сол себепті біз әр сегмент бойынша алгоритмдер құрастырдық. Екі жыл ішінде ЖЭС-терге қосымша құрылғылар орнату керек», - деді Исекешев индустрияландыру күні қарсаңындағы жалпыұлттық телекөпір барысында.

Қала басшысы көмір мен жағармайдың сапасына талаптар қойылуы мүмкін екенін айтты.

«Көлік бойынша тапсырма күрделірек. Біріншіден, дизельді отын сапасына бақылауды күшейту керек. Екіншіден, бірінші кезеңде коммуналдық техникаларды газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Біз бұл мәселені екі-үш жыл ішінде шешу керек екенін жақсы түсінеміз», - деді ол.

null 

Соңғы жаңалықтар