Астанадағы темір жол вокзалының маңында төбелес болды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Астанадағы «Сапаржай» автовокзалына жақын бір ломбардтың алдында төбелес болды. Былғары күртеше киген жас жігіт қарсыласын соққыға жығып, сол жерде жүрген полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төбелес шығарған жігіт қарсыласын бір ұрып, талдырып тастағаннан кейін оқиға орнынан тайып тұрғысы келді. Алайда сол жерде жүрген жол-патрульдық полиция қызметкері оны ұстап алды. Сол кезде ол тәртіп сақшысының жағасына жармасты. Достарының арашалап жүргеніне қарамастан, доқ көрсетіп, полицияның бұйрығына бағынған жоқ. Сол кезде тәртіп сақшысы көмекке тағы бір жасақты шақырды. 

null    

Ал соққы алған жас жігіт ұзақ уақыт бойы есін жия алмады. Адамдар жедел жәрдем қызметі келгенше жақын жердегі дүкеннен су алып келіп, оның бетіне шашып, есін жиюға көмектесті.

null

Осы кезде шатақ шығарған жігіт те атсалысқандай болып, құқық қорғаушыларға зардап шеккен адамның өзінің досы екеніне сендіруге тырысқан еді. Алайда құқық қорғаушылары төбелеске қатысқандардың барлығын бір автобусқа тиеп, жақын жердегі бөлімшеге алып кетті. Оқиға орнына бірінші болып жеткен сақшының айтуынша, төбелестің сол жердегі ломбардқа ешбір қатысы жоқ.  

null null  

Соңғы жаңалықтар