Астанадағы спорт кешені. Киім ауыстыру бөлмесіне камералар неге орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елордадағы «Алатау» спорт кешені басшысының орынбасары Денис Устинов ерлердің киім ауыстыратын бөлмесінде бақылау камералары неліктен орнатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мирас Шекенов есімді Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы «Алатау» спорт кешенінде ерлердің киім ілетін бөлмесінде бейнекамералар орнатылғанына наразылық білдірген болатын.

Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі спорт кешенінің әкімшілігінен аталған мәселенің мән-жайын сұрастырды.

Кешен басшысының орынбасары Денис Устиновтың атап өтуінше, бассейнге келушілер заттарының жоғалу оқиғалары жиілеп кеткендіктен, бейнекамераларды орнатуға тура келген.

«Бізде ерлердің киім ілетін бөлмесінде ұрлық оқиғалары жиі байқала бастады. Осы ретте жергілік полиция қызметі бізге бұл мәселеге қатысты тиісті шараларды қабылдауға өтінімдерін жолдады. Біздің бюджетті ескере отырып, шараларды жүзеге асыру сәл қиындау болды. Себебі құнды заттар үшін «локерлерді» немесе жаңа шкафтарды орнату айтарлықтай қаржы шығынын қажет етеді. Бұл тұрғыда бізге бұл шаралар қолжетімді емес, сондай-ақ  осы заттарды мемлекеттік сатып алулар жоспарына ертерек енгізу керектігін де ескеру қажет. Ал бақылау кемерасын орнатуға мұндай қадамдар қажет емес», - дейді ол.

Дегенмен де ол жақын арада спорт кешенінде аталған мәселеге байланысты басқа шаралар қабылданатынын атап өтті.

«Енді біз қажетті жабдықтарды мемлекеттік сатып алуларға енгіздік және құнды заттарға арналған локерлер таяуда орнатылады. Бізге осы жабдықтар жеткізілгенше, ұрлыққа тосқауыл қою керек болды, себебі камера болмаған кезде заттардың жоғалуы күн сайын орын алды. Сондықтан амалсыздан осындай шешімге бардық»,- деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бейне камера тұрғасын, ұрлық күрт төмендеді. «Камералар орнатылғаннан кейін бізде тек 2-3 оқиға ғана тіркелді. Дегенмен айыптылар лезде табылды», - деді Устинов.

Спорт кешені әкімшілігінің өкілі бұндай шара тек ерлердің киім ілетін бөлмесіне қатысты қабылданғанын жеткізді. Оның айтуынша, әйелдер бөлмесінде мұндай оқиғалар тіркелмеген. 

Соңғы жаңалықтар