Астанадағы «Сезам» тұрғын үй кешенінде өрт тұтанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Сезам» тұрғын үй кешенінің балкондары өртенді. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 

«Кенесары көшесі, 51-үйдегі «Сезам» тұрғын үй кешенінің 2-қабатынан 4-қабатына дейінгі балкондары өртенген. Өрт 18:53-те ауыздықталып, 19:00-де толығымен сөндірілген. Өрт шарпыған аумақ 30 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер жоқ», - деді Руслан Иманқұлов.
Оқиға орнына астаналық өрт сөндіру қызметінен 35 адам және 7 техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар