Астанадағы проблемалық нысандар тізімі Қазақстан нотариустарына жіберілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы проблемалық нысандар тізімі нотариустарға жіберілді. Бұл туралы Астана әкімдігі ведомствоаралық комиссиясында мәлім етілді, деп жазады Елорда Инфо.

Аталып өтілгендей, тыйым салынған нысандардың тізімінде 39 тұрғын үй кешені бар.

«Мен бірнеше нотариалдық палаталарда болдым.  Олардың барлығында мәміле жасауға болмайтын ТҚК  тізімдері бар. Бірақ оларда жаңа ТҚК аттары да бар. Нотариустарда біздің ТҚК-ның аты бар тізім де жатыр. Бірақ, адамдар «Феникс-Столичный» ТҚК-мен емес, «Төленді» ТҚК-мен мәміле жасау үшін келеді. Сондықтан, бұрынғы салушыны көрсетсе қауіпсіз болар еді», - деді «Феникс-Столичный» ТҚК төрайымы Жанар Дүйсенова.
null 

Атап өтейік, «Феникс-Столичный» тұрғын үй-құрылыс кооперативі 2017 жылы Сарыарқа даңғылы мен Абай көшесінің қиылысындағы проблемалық «Столичный-2» ТК-ны прокурорлық қуыныммен жеңіп алған еді. Қазір «Столичный-2» тұрғын үй кешені жаңа ТҚК-ге тиесілі.

«Төленді» ТҚК төрағасы және салушысы Айдын Байжұманов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.  Ол 366 инвестордың қаржысын иемденіп, 3,3 миллиард теңге залал келтірген. 

null 
nullnull  

Соңғы жаңалықтар