Астанадағы өрттен ана мен бала қаза болды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Астанадағы үш қабатты коттеджден шыққан өрттен ана мен бала қаза болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өрттен 1994 жылы туған қыз зардап шекті, оның жамбасы сынып, №1 ауруханаға жатқызылды. Оқиға орынынан ана мен баланың мәйіті табылды. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде»,-деп хабарлайды Астана қаласы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге техникалық қызмет көрсету стансасы ішінде тұрған Nissan Patrol, маркалы автомобиль де жанып кетті.

Осыған дейін Оңтүстік-Шығыс ауданындағы Сырымбет 30 мекенжайында ТҚС өртеніп жатқаны туралы айтылған. Коттедждің 1 қабаты ТҚС болса, екінші қабаты шаруашылық бөлмелері, үшінші қабат тұрғын үй ретінде жабдықталған. Тілсіз жаудың жалыны жақын маңдағы ғимараты да шарпып өтті. Өрт тиген екі ғимараттың бүлінген аумағы 500 -ге жуық шаршы метрді құрады.

Соңғы жаңалықтар