Астанадағы орталық саябаққа қарақулар жіберіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 20-сы күні Халықаралық саябақтар мерекесі аясында ресми түрде Астанадағы барлық бес саябақтың жұмысы басталады. Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа ойын- сауық бағдарламасын дайындап қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

«Ертең, 20 мамырда барлық бес саябақ - Астаналық, Жерұйық, Студенттік, Президенттік және Арайда жазғы мауысымның ашылуы болады. Биыл жаңа атракциондар, сондай-ақ әрбір саябақтың жеке ойын-сауық бағдарламасы болады. Мәселен, экстримді жақсы көретіндер үшін «Американдық төбешіктер» және «5 элемент» сияқты атракциондар жұмыс істейді. Ал бүлдіршіндер зымыранмен ұша алады. Астаналық саябақтың әуітіне аққулармен бірге қарақулар да жіберіледі. Бұдан бөлек, айдарлы үйрек сияқты төрт экзотикалық құстар болады», - делінген басқарманың ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар