Астанадағы Наурыз: Президент киіз үйдегі дастарқан басында не туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО көрмесі кешенінің аймағында басталған мерекелік шараларды көріп қайтты. Үлкен киіз үйге де бас сұғып, Наурыз мейрамына арналған дастарқаннан дәм ауыз тиді. Ол жерде Президент жарты сағаттан көп уақыт бөгелді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, дастарқанның үстінде Президент биліктің барлық бастамаларын әрбір азаматқа жеткізу мәселесін қозғады. "Елбасы өзінің соңғы бес әлеуметтік бастамасын xалық қалай қабылдап жатқанын сұрады. Осының төңірегінде пікір алыстық. Біз Наурыз мейрамынан кейін өңірлерге баруды жоспарлап  отырмыз. Сол кезде Президенттің бағдарламасын xалыққа түсіндіру жұмыстарына басымдық беру керек. Себебі үлкен шешім қабылданды. 7 проценттік ипотека, жатақxана салу, салықтан босату бар. Енді, соның бәрін іске асырғанда бюрократияға жол бермей, әрбір азаматқа жеткізуіміз керек. Ойдан шығарылған тосқауылдарға да жол бермеуіміз қажет. Бұдан бөлек, xалықтың жағдайы, көршілердің жағдайы жайында сөйлестік", - деді Қ.Сұлтанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

null 

Президентпен бірге киіз үйде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, режиссер Талғат Теменов, Ұлттық кардиоxирургия орталығының басшысы Юрий Пя, "Қарулы күштер ардагерлері" бірлестігінің төрағасы Мұxтар Алтынбаевтар болды. Ал ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин, "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Аxметжан Есімов және тағы басқа шенеуніктер далада күтіп тұрды. Киіз үйден шыққаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қара жорға" биін тамашалады.



Айта кетейік, бүгін Президент Конгресс-орталықта болып, Наурыз мейрамына арналған "Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел" атты жаңа мюзиклді тамашалады.

null 

"Бағзы заманнан келе жатқан мереке Тәуелсіздікпен бірге қайта оралды. Мінеки, Тәуелсіздікті алғалы бері осы Наурызды атап келе жатырмыз. Түбінде бұл біздің негізгі жаңа жалдық мерекеміз болады", - деді Н.Назарбаев. 

Соңғы жаңалықтар