Астанадағы мерекелік шараға дайындық кезінде бір университеттің студенттеріне 10 000 сэндвич таратылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы "Сарыарқа" велотрегі ғимаратында төрт күннен бері Қазақстан xалқы Ассамблеясының үлкен бір шарасына дайындық жұмыстары аяқталды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы" атты мерекелік жиын бірнеше минуттан кейін басталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін шараға елорданың жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдардан 10 000-ға жуық адам атсалысты. ҚазАқпарат тілшісі дайындықтың соңғы сәттеріне куә болды.

null  

Дайындық жұмыстары күнде сағат 10:00-де басталған. Арнайы автобустар барлық 10 000 адамды жинап, велотрекке әкеліп жүрді. Содан кешкі сағат 18:00-ге дейін концерттік бағдарламаның дайындығын бірнеше рет жасады. Көрермен болып отырған мемлекеттік қызметшілер мен студенттер үшін түскі астар да ұйымдастырылды. Мәселен, Еуразия ұлттық университетінің студенттері үшін бір-бір сэндвич пен минералды су (0,5 литр) тегін таратылып отырды. Аталған жоғары оқу орны мерекелік шараға ең көп адамды алып келді. "Күнде 2,5 мың сэндвич пен минералды су аламыз. Соның бәрін залдағы студенттерге таратып береміз. Бүгін - соңғы күн, төрт күннің ішінде 10 мың сэндвич сатып алдық ау деймін. Волонтерлер өздері таратады. Себебі дайындық кезінде залдан шығуға болмайды", - дейді университет өкілдері. Бұдан бөлек, xолда дайындыққа қатысып жатқан студенттер мен мемлекеттік қызметшілер үшін ақылы тағамдар да бар.

Айта кетейік, шараның сызба-нұсқасына сәйкес, "Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы" атты мерекелік жиынға 10 000 жуық адам қытысуда. Олар - ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан (1097 адам), ҚР Қорғаныс министрлігі (1097 адам), Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2217 адам), Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxикалық университеті (1756 адам), Қаржы академиясы (160 адам), Еуразиялық гуманитарлық институт (324 адам), Тұран-Астана (342 адам), Қазақ бизнес пен теxнология университеті (500 адам), Қазақ экономика, қаржы және xалықаралық сауда университеті (508 адам), Астана медициналық университеті (1094 адам), Қазақстан xалқы Асамблеясы (500 адам), сондай-ақ резервте тағы 500 адам бар.

Соңғы жаңалықтар