Астанадағы Маңғыстау көші театрландырылған көрініспен басталды

None
None
АҚТАУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндері аясында «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде этнографиялық театрландырылған мәдени шара өтті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Оған Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы келді.
null 

Маңғыстау көші театрландырылған көрініспен басталды. Онда ақындар арнауын айтып, көрерменге керемет қойылым  ұсынды. Сонымен қатар, шараға Маңғыстау облысындағы этно-мәдени бірлестік өкілдері де қатысты. Әр ұлыс өзінің ерекшелігімен, киімімен көріністің сәнін келтіріп тұрды. 

Сондай-ақ этноауылдың ипподром алаңында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Арнайы тігілген киіз үйлерде маңғыстаулық дәм ұсынылды. Облыстың өлкетану мұражайының көрмесі, Маңғыстаулық қолөнер шеберлерінің ашық жәрмеңкесі де өтті.
null 

«Мен осындай тәуелсіз елде ЭКСПО көрмесі сияқты ауқымды шараның өтіп жатқанына қуаныштымын. Әрине, бұл - Елбасымыздың сарабдал саясатының, елімізде орнаған бейбітшілік пен халықтар арасындағы келісім пен бірліктің арқасында деп ойлаймын. Осы мамандандырылған көрме аясында еліміздің барлық облыстары өздерінің жеткен жетістіктерін көрсетіп жатыр. Қаймағы бұзылмаған, маңғаз Маңғыстаудың мәдениет күндеріне куә болып, керемет әсердемін. Барлығы тамаша», - деді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов. 

Сонымен қатар, этноауылда маңғыстаулық «Отпан» фольклорлық ансамблінің концерті, Достық үйінің арнайы бағдарламасы, «Жорға» халықтық би ансамблі мен Тамара Асардың концерті қалың көрермен назарына ұсынылды.  

null null null null 

Соңғы жаңалықтар