Астанадағы көпір маңында 3 көлік соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Момышұлы мен Сарайшық көшелерінің қиылысындағы М-1 көпірінің жанында 3 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Колышбекова «ҚазАқпарат» тілшісіне берген ақпаратта жол оқиғасы сағат 09:06-да болғанын айтқан. Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

«Бастапқы мәліметтерге сәйкес, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі Түркістан көшесі жақтан Сарайшық бойымен келе жатып, рульге ие бола алмай қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан ол Chevrolet және Mitsubishi көліктермен соқтығысты»,-деді С.Колышбекова.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орынына екі жедел жәрдем көлігі келген.

ВАЗ-дың жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, Chevrolet тізгініндегі адамға сол жерде көмек көрсетілді.

«Қазір оқиғаның себептері нақтылану үстінде, басқа ешкім зардап шеккен жоқ» - деді баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар