Астанадағы кастрация оқиғасы: Сот талқылауы кейінге қалдырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ер адамды кастрациялау ісі бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іс дүйсенбіге (23 сәуірге - ҚазАқпарат) қалдырылды. Сот талқылауы сағат 16:30-да болады», - деп мәлімдеді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша сот отырыстары жабық түрде өткізілуде. Басты сот талқылауы Есіл аудандық №2 сотында 12 сәуірде басталған болатын.

Еске сала кетсек, қаңтар айында желілер мен мессенджерлерде Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2018 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы ретінде сипатталған фото пайда болды. Қаулыдағы мәліметтерге сәйкес, 36 жастағы келіншек сүйіктісін жыныстық мүшесінен айырғысы келген. Кейінірек қансыраған жанды өз көлігімен ауруханаға алып баруға мәжбүр болған.

Бұған дейін Астана қаласының Ішкі істер департаменті аталған оқиға бойынша тергеудің аяқталғанын, іс материалдармен қалалық прокуратура айналысып жатқанын хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар