Астанадағы этномәдени орталық өкілдері Алғыс айту күнін атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Алғыс айту күніне орай, қала тұрғындары үшін «ашық есік» күнін ұйымдастырды. 

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Астана қаласындағы 11 этномәдени орталықтар: әзербайжан, еврей, ұйғыр, болгар, орыс, поляк, армян, украин, өзбек, қырғыз, казак бір шаңырақтың астында жиналды.
null

«Этномәдени орталықтардың кабинеттеріне саяхат жасаған қонақтар еліміздегі этностардың дәстүрі және мәдениетімен танысты. Мерекеге орай әрбір мәдени орталық өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, орталықтарының жұмысымен таныстырды және қонақтарға шығармашылық қойылымдар қойды», - деді Астана қаласының ҚХА өкілдері.
null

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Видади Салахов Қазақстанға өзінің ризашылығын білдірді.
null

«Мен қазақ халқына, бізді қабылдаған қазақ жеріне құрметпен қараймын. Осы жерде жұмыс жасап, бейбіт өмір сүруге мүмкіндік бергені үшін рахмет. Бұл - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының арқасы. Мемлекет басшысы түрлі этностардан құралған Қазақстан халқының бір шаңырақ астында берекелі өмір сүруіне жағдай жасауда», - деді Видади Салахов.

Айта кетейік, Қазақстан осымен екінші жыл Алғыс айту күнін атап өтуде. Бұл мереке Президенттің 2016 жылдың 14 қаңтарындағы Жарлығына сәйкес, 1 наурыз күні тойланады.

Соңғы жаңалықтар