Астанадағы «ең суық пәтер» оқиғасына білім басқармасы түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының білім басқармасы ведомствоаралық комиссияның мүшесі Татьяна Чурсинаның сөзіне жоққа шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетейік, Чурсина бұған дейін елордада тұратын әйел пәтерінің суық болуы себепті балаларын балалар үйіне өткізгенін айтқан болатын.

«Қазіргі таңда жетім немесе ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге, сонымен бірге Бейімдеу орталығына аталған себеп бойынша жасөспірім балаларды әкелу жағдайы тіркелген жоқ. Біз дағдарыс орталығына сұрау жолдап, ол жерге де ешқандай өтінімнің келіп түспегенін білдік», - деп хабарлайды білім басқармасының баспасөз қызметінен.

 «Бір әйел үйінде адам төзгісіз суықтың салдарынан балаларын балалар үйіне өткізіп жіберген. Онда тұру мүмкін емес. Жағдай осы», - деген еді комиссия мүшесі Татьяна Чурсина.

Соңғы жаңалықтар