Астанадағы бұқаралық марафонға кениялық желаяқтар қатыспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-2017» марафонына қатысу үшін 3 мыңнан астам адам ниет білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің медиа-орталығына сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда Астана марафонына 3724 қатысушы тіркелді. Бірақ әлі де он күнге жуық уақыт бар, сондықтан күтеміз. Шара басталғанға дейін 4,5 мың - 5 мыңға жуық адам тіркеледі деп ойлаймыз, - хабарлады медиа орталық тілшісіне «Астана марафоны» директоры Гаухар Брамлей-Фентон.

Еске салайық, марафонға қатысу үшін ұйымдастырушылардың www.astana42k.com  сайтында онлайн тіркелуге болады.

Биыл марафон елордада 17 қыркүйек күні өтеді. Спортшылар 3 қашықтық бойынша жарыс жолына шығады: 42,2 шақырым, 21,1 шақырым және әуесқойлар үшін 10 шақырым. Бұдан бөлек, межені скандинавиялық жүріспен бағындыруға болады.

Шараға Кения елінен есімдері әлемге белгілі желаяқтар қатысатыны күтілуде. Олардың арасында Саймон Кипругут Кируй (Simon Kiprugut Kirui), Генри Кипсанг (Henry Kipsang) және Чебой Хильда Джепкогей (Cheboi Hildah Jepkogei) бар.

Марафон 17 қыркүйек күні ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне қарама-қарсы Р4 автотұрақ аумағында басталады.

 

Соңғы жаңалықтар