Астанадағы боранда жұмыс істеген журналистер елді сүйсінтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде ақ түтек боранда Астана көшелерінде репортаж жасап жатқан «Qazaqstan» арнасының тілшілері туралы видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеоны аталмыш телеарнаның басшысы Ерлан Қарин Фейсбуктегі өз парақшасына жүктеді.

«Менің әріптестерім - өз ісінің нағыз шеберлері. Астананың бүгінгі боранында «Qazaqstan» арнасының «жаңалық шығарушылары» қалай жұмыс істегенін көріңіздер», - деп жазды телеарна басшысы. 

Айта кетейік, бүгін елордада бұрын-соңды болмаған боран салдарынан табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Көптеген ғимараттардың шатырлары көкке ұшты. Бір тәулікте 60-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қала әкімі Әсет Исекешев астаналықтар мен қала қонақтарына үйден шықпауға кеңес берді. Мектептерде бірінші және екінші ауысымдағы 0-11-сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болған жоқ.

Синоптиктердің болжауына қарағанда, 12 қаңтар күні бұрқасынның беті қайта бастайды. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде ауа температурасы -11...-13 градусқа дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар