Астанадағы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әскери құрылымдардың ардагерлері мен жас сарбаздар Астанадағы Бауыржан Момышұлының ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға әскери саланың ардагерлерімен бірге «ҚазМЗУ» әскери кафедрасының студенттері қатысты. Саптағы сарбаздардың алдына шығып сөз сөйлеген «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Нұғыманов жас буын өкілдеріне батыр Бауыржан Момышұлының ерліктерінен сыр шертті.

«Бүгінгі шара Қарулы Күштердің құрылған күні мен Ұлы Жеңіс күні құрметіне өткізіліп отыр. Жеңістің қалай келгенін кейінгі ұрпаққа түсіндіру үшін бүгін батыр бабамыз -Бауыржан Момышұлының ескерткішінің алдына жиналып отырмыз. Біз бабалардың ерен ерлігін, толағай еңбегін әрқашан есімізде сақтауымыз керек», - деді ол.

Марат Нұғыманов батыр бабалар жастардың жарқын болашағы үшін кеудесін оққа төсеп, бүгінгі бейбіт күнді артына мұра етіп қалдырып кеткенін атап өтті.
null

«Бауыржан Момышұлы - тарихта, әскери педагогикада артына мол мұра қалдырған батыр. Осы кісінің өмірі бәрімізге үлгі болуы керек. Бауыржан Момышұлы командир болған дивизияның ішінде көкшетаулық Мәлік Ғабдулин де болған. Ол кісі менің атам болып келеді. Егер жастар патриот болмаса, Ұлттық идеяны жүзеге асыру мүмкін болмасы анық. Сондықтан, жастарымызды дұрыстап тәрбиелесек, сонда ғана Мәңгілік ел бола аламыз», - деп түйді Марат Нұғыманов.

Айта кетсек, Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлы соғыста генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизияның құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысқан.

Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа араласқан. Ол әлденеше ордендермен, медаль-дармен марапатталды. Дүние салғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры (1990 жылы) атағы берілді.

nullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар