Астанадағы ауруханалар Оңтүстік Кореяның медициналық ұйымдарына ұқсас болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада көпбейінді үлкен стационарлар құрылады. Бұл туралы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап денсаулық сақтау инфрақұрылымының бірыңғай перспективалық жоспарын дамытуға сәйкес, 2025 жылға дейінгі тиісті жоспар әзірленді.

«Осы жаңа тәртіп бойынша 2018 жылдан бастап Астанадағы медициналық ұйымдарды біркелкі тәртіпке келтіріп жатырмыз. Тиісті жол картасы да бекітіліп, құжатты іске асырамыз. Аталған бұйрықтың негізгі мақсаты көпбейінді үлкен стационарларды құруға байланысты. Сәйкесінше, біз ауқымды ауруханаларды құруға тырысатын боламыз. Бұл ауруханалардың құрылымында адам денсаулығын түзеуге қажетті барлық нысандар қамтылмақ», - деді Т. Мұратов.
null 

Оның сөзіне қарағанда, қазір қолданыстағы ауруханаларды бірімен-бірін алдағы уақытта, яғни 2025 жылға дейін біртіндеп біріктіріп, ірілендіру жолымен үлкен медициналық ұйымға айналдыру көзделген.

Осы орайда бұл шаралар әлемдік тәжірибеге сай іске асырылып жатыр.

«Кореяда немесе Еуропада жекелей инфекциялық аурухананы, бөлек наркологиялық орталықты кездестірмейміз. Бұл бағыттағы қадамдардың барлығы адамдарға қолайлы болуы үшін жасалып жатыр. Қала тұрғыны бір медициналық мекемеге келіп, барлық мәселесін бір жерде шешеді», - деп түсіндірді Т. Мұратов.

Осы орайда ол алдағы уақытта бөлек онкологиялық, наркологиялық, психиатриялық және инфекциялық қызметтер болмайтынын сөз етті.
null 

«Бұл қызметтер бірыңғай көпбейінді стационарлардың құрамына енеді»,- деп нақтылады ол.

Соңғы жаңалықтар